Несие нарығындағы өсімді қамтамасыз етіп отырған басты бағыт - тұтыну мақсатындағы несиелер. Кейінгі бір жыл ішінде (сәуір 2013-2014), ЕДБ қоржынындағы, халыққа тұтыну мақсатында берілген несиелердің үлес салмағы 16 дан 20%-ға дейін өскен
10 Июнь 2014
Тұтыну мақсатында берілген қарыздар сәуір айында тағы 2%-ға өсіп, 2,4 триллион теңгеге жетті. Ал, жалпы несие нарығындағы өсім 0,5% ғана өсім көрсетіп, 12,2 триллион теңге көлемінде тоқтады.
Тұтыну несиелері. ҚР аймақтары. Сәуір 2014
10 Июнь 2014

Тұтыну несиелері нарығының бір жыл ішіндегі ортаайлық өсім көрсеткіші, жалпы несие нарығының өсімінен екі есе жоғары қарқын көрсетіп келді - 3,2% және 1,5%, сәйкесінше.

Аймақтық кескінде, Алматы қаласындағы нарық қарқыны ең жоғарғы. Тұтыну несиелерінің жылдық өсімі - 56% көрсетіп, жалпы көлемі - 965,2 миллиард теңге болды.
