Ипотекалық несиелеу секторындағы ең қомақты үлестер Темiрбанк пен ЦентрКредитБанктеріне тиесілі. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, банктердің қоржындарында, тұрғын-үй бағытындағы қарыздардың үлестері, сәйкесінше, 24 және 17%-ды алады

10 Декабрь 2013
Жалпы ЕДБ бойынша, қарыз қоржынындағы ипотеканың салмағы 9%-дан төмен түсті. Қазан айында, халыққа тұрғын-үй мақсатында 25 миллиард теңге көлемінде қарыз берілген, бұл сома осы айдағы ЕДБ бойынша берілген барлық несиелердің 3,5%-ын ғана құрайды. Банктер қоржындарында ипотека 8,7%-ға дейін төмендеді.

 

 

ҚР ЕДБ ипотекалық несиелеу үлесі

10 Декабрь 2013
Бірінші эшелондағы несиелендірушілер, ипотеканы маңызды бағыт ретінде қарамайтын болған. Казкомның  қоржынындағы халыққа тұрғын-үй бағытында берген қарыздар көлемі, небәрі 6,3%-ды құраса, Халық Банкінде - 6,5%. Аталмыш екі банкте ипотекалық қарыздар көлемін, 2012 және 2011 жылдардың қорытынды кезеңіне азайтқан. 

Жалпы нарықта, ипотекалық нарықтың үздіктерінен құралған жаңа орта қалыптасуда. Бұл ортадағы банктер, қоржындарындағы ипотеканың үлестік салмағын қаржыинституттары арқылы арттыруда. Ипотекалық несиелеу нарығындағы үздік ондықтың ішіндегі бірінші тұрғаны Темірбанк, қоржындағы ипотеканың салмағы - 23,7%. Банк бірінші жартыжылдықта ипотекалық қоржынды 4 миллиард теңгеге ұлғайтып, жалпы көлемін 71,5 миллиард теңгеге жеткізген (өсім 5,8%). Нәтижесінде, банк нарықтағы үлесін 7,5%-ға жеткізді және әрі қарай ипотекалық бағытты белсенді дамыту ниетінде.     

БЦК қоржынында, ипотекалық қарыздар үлесі 17,1%. Банк, жартыжылдықта нарық үлесін 0,5%-ға қысқартып, 16,7%-ға түсті. БЦК-да берілген ипотекалық қарыздардың жалпы көлемі - 160 миллиард теңгеге жуық. 

Альянс-банкінің қарыз қоржынындағы ипотекалық қарыздардың үлесі - 11,3% (77,8 миллиард теңге). Банк, жартыжылдықта тұрғын-үй мақсатындағы қарыздар көлемін 385 миллион теңгеге азайтқан. Нарық үлесі 8,2%-ға дейін төмендеді. 

Қоржындағы ипотеканың салмағы бойынша алғашқы үштіктегі банктерге, ҚР ЕДБ бойынша берілген ипотекалық қарыздардың үштен бірі тиесілі.

Ипотека2КАЗ-10.12..gif

Фильтр

  • Банки
  • Регионы
  • Отрасли

Фильтр имеет двухуровневую систему. Чтобы выбрать один объект, необходимо нажать на ссылку, чтобы отобразить взаимосвязи объекта с другими показателями, необходимо поставить галочку напротив интересующих показателей и нажать кнопку "выбрать"

Вернуться к списку статей