Аймақтық бизнесті несиелендіруге коммерциялық банктердің қаражаты жетпейді. ЕДБ корпоративті несиелерінің 81,5%-ы (6,7 триллион теңге), Алматы мен Астана қалаларында тіркелген компанияларға тиесілі

27 Февраль 2014
2013 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, аймақтық (Қазақстанның 14 аймағы) бизнеске берілген Банктік несиелер көлемі 1,5 триллион теңге (қарыз қоржынының 18,5%-ы). 

 

 

Корпоративті сегментті несиелендіру. ҚР аймақтары. 2013/12

27 Февраль 2014
Несиелендіруші назарларының ең төменгі аймағы – оңтүстік. Оңтүстік Қазақстан облысына корпоративті несиелердің көлемі, жалпы көрсеткіштің 2%-ын  ғана құраса, Жамбыл мен Қызылорда облыстарын қоса алғанда бұл көрсеткіш бар болғаны 1%-ық деңгейде. Бүгінгі күнде қазақстандық банктер, аймақтық ірі жобаларға азды-кемді ыңғайлы несиелеу шарттарын ұсынуға дайын емес. Шарттың кепілзаттық бөліміндегі құн, кей жағдайларда қозғалмайтын-қозғалмалы мүліктің құнынан екі есе асып түседі.

Несиелік ресурстардың, республиканың ірі мегаполистерінде шоғырлану трендіне мән берсек, Қазақстанның Даму Банкінің орнын оқшаулап айтуға негіз бар. Себебі, аталмыш ұйымның коммерциялық банктерден айырмашылығы, облыстарды қаржыландыруға жоғары бағыт беруінде. 2013 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша (аудитталмаған қаржылық есепберу мәліметтері) Қазақстан Даму Банкінің қоржынындағы облыстарға берілген қарыздардың үлесі  99%-ды құрайды (412,9 миллиард теңге). Салыстыру үшін айтсақ оңтүстік аймақтарға (ОҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстарына) банк қоржынының 10%-дан астам үлестік несиесін бағыттаған (43 млрд теңге). 

Атырау облысындағы ҚДБ-нің инвестициялық несиелері, ұйымның қарыз қоржынының 41%-ын құрайды (169,4 млрд.тг). Институттың аймақтағы қаржыландырған ең ірі жобасы - полипропилен өндіретін зауыд. 

БРКҚАЗ.gif

ҚДБ несиелеу шарттарын коммерциялық банктердің шарттарымен салыстыратын болсақ, олардың біршама жеңіл екендігін айта аламыз. Мысалмен айтсақ, ҚДБ несиелер мерзімі 20 жылға дейін болса, ЕДБ бойынша бұл көрсеткіш 7-10 жылдар аралығымен шектеледі.
Даму Банкі ағымдағы жылдан бастап өз қызмет көлемін, ЕДБ арқылы жобаларға қатысумен кеңейтпек ниетте. Бірінші этаптағы бөлінуге жоспарланған қаржы көлемі 45 млрд. теңге болса, 2014 жылдың ақпан айында 38 млрд. теңге беріліп қойған.

Фильтр

  • Банки
  • Регионы
  • Отрасли

Фильтр имеет двухуровневую систему. Чтобы выбрать один объект, необходимо нажать на ссылку, чтобы отобразить взаимосвязи объекта с другими показателями, необходимо поставить галочку напротив интересующих показателей и нажать кнопку "выбрать"

Вернуться к списку статей